1 маусымнан бері елімізде 19 бала суға кетті
2022 жылғы 21 маусым 13:22

1 маусымнан бері елімізде 19 бала суға кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде шомылу маусымы басталғалы 36 адам суға кетті. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адамдардың суға кету фактілері тіркеліп отыр. Жыл басынан берім 81 адам суға кетті, оның ішінде 32-сі бала», - деді Б. Сыздықов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, шомылу маусымы басталғаннан бері Ішкі істер министрлімен, әкімдіктер және еріктілермен бірлесіп 9 мың 300-ден астам рейд жүргізіліп, оларға 25 мыңға жуық адам жұмылдырылды.

«Шомылу маусымы басталғаннан бері 20 күн ішінде 36 адам суға кетсе, оның ішінде 19-ы бала. Бұл қайғылы оқиғаларға жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды қараусыз қалдыру себеп болып отыр», - деді ведомство өкілі.

Осы орайда су қоймалары, көлдер мен өзендерде қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек екенін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 1 маусымнан елімізде суда шомылу кезеңі басталды. Қазіргі кезде елімізде шомылуға рұқсат етілген 497 орын бекітілген.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT