200-ден астам турист Алматыдан Анталияға 7 жарым сағат кешігіп ұшты
2022 жылғы 18 маусым 17:58

200-ден астам турист Алматыдан Анталияға 7 жарым сағат кешігіп ұшты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Air Astana әуе компаниясының Алматы-Анталия бағыты бойынша рейсі бүгін сағат 09:40-та ұшуы тиіс болған, алайда кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуе компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстің бірнеше сағатқа кейінге шегерілуі ұшақтың кешігіп келуінен болған.

«Себебі, алдыңғы ұшу кезінде ұшақтың фюзеляжы (корпусы) зақымдалғаны анықталды. Оны жою бойынша жұмыстар жүргізілді», - деп хабарлады әуе компаниядан.

Айта кетейік, KS 915 рейсі Алматыдан жергілікті уақыт бойынша сағат 09:40-та ұшуы керек болатын. Алайда, бірнеше сағатқа кешігіп, 17:15-те ұшты. Рейске 209 жолаушы тіркелді.

«Олар сусындар мен ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар, сондай-ақ қарттар мен балалы туристер ұшақты терминалдың бизнес-залында күтті. Әуе компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», - деп атап өтті Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT