2025 жылға дейін 177 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі - Ақмола облысы
2022 жылғы 27 маусым 15:54

2025 жылға дейін 177 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының 177 елді мекені 2025 жылға дейін таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Осы бағытта өңірде 63 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы Бурабайда өткен Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірдің 177 елді мекенін сумен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін 68 ауылда сумен жабдықтау желілерін салу жоспарланған. Оның ішінде 29 ауылға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, 72 ауылда кешенді блок модульдерді орнату және 37 ауылда сүзгі орнату арқылы ұңғымаларды бұрғылау жоблары бар», - деді басшы аймақ.

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, бүгінгі таңда облыс халқының 92 пайызы сапалы сумен қамтамасыз етілген.

«Қала тұрғындарының 95 пайызына, ауылдық елді мекендердің 89,3 пайызына ауыз су қолжетімді», - деп толықтырды облыс әкімі


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT