2025 жылға дейін 33 млрд теңгеге тоғыз топтық су құбыры салынады
2022 жылғы 4 мамыр 11:23

2025 жылға дейін 33 млрд теңгеге тоғыз топтық су құбыры салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін 33 млрд теңгеге 9 топтық су құбыры салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін жалпы құны 33 млрд теңге болатын 9 топтық су құбырын салу және қайта жаңарту жоспарланып отыр. Жалпы, 2025 жылға қарай шамамен 1,2 мың шақырым топтық су құбыры салынып, 22,3 мың адамы бар 41 ауылдық елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі және 33 мың адам тұратын 52 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау жақсартылады», деді министр.

Сөз соңында Серікқали Брекешев елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары министрліктің тұрақты бақылауында тұрғанын баса айтты.

Айта кетейік, Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев та көтерілген мәселеге қатысты баяндама жасап, 2025 жылға дейін ел тұрғындары 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетінін айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT