300 мыңға жуық алматылық ревакцинациядан өтті
2022 жылғы 18 наурыз 13:38

300 мыңға жуық алматылық ревакцинациядан өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулік ішінде 1 817 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның ішінде 1-компонентін 606 адам, 2-компонентін 1 211 адам салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 17 наурызы аралығында қалада 1 152 522 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 117 332 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде жасы 60-тан асқан адамдардың саны 125 053», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 59 961 адам салдырды. Оның ішінде 3 402 жүкті әйел, 13 142 бала емізетін ана және 43 288 жасөспірім бар. 288 095 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 136 вакцинация пункті жұмыс істейді. 175 вакцинация бригадасында 555 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT