50 жастағы елорда тұрғыны жетінші қабаттан құлап мерт болды
2022 жылғы 19 маусым 02:03

50 жастағы елорда тұрғыны жетінші қабаттан құлап мерт болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 50 жастағы әйел адам 7-қабаттың балконынан құлап көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, 102 желісіне Достық көшесі бойындағы үйлердің бірінен әйел адамның құлап кеткені туралы хабар түскен.

7-қабаттың балконынан құлаған азаматша оқиға орнында жан тапсырды.

Қайтыс болған адамның 50 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Ол құлаған сәтте марқұмның туыстары үйде болған.

«Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес оқиғаға қатысты өзге материалдар жария етілмейді», - деп түсінік берді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, терезеден құлау фактісі өткен айда Ақмола облысының Қосшы қаласында тіркелген еді. Ол жолы 3 жасар бала терезеден құлап кетті.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT