Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 25 жұмыс қаралды
2022 жылғы 11 тамыз 23:43

Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 25 жұмыс қаралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын өткіздік. Комиссия мүшелері әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 25 жұмысты қарады. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды», - деді Е.Қарин.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT