Абай облысының әкімі Семейдегі ыстық су проблемасы туралы айтты
2022 жылғы 23 маусым 11:09

Абай облысының әкімі Семейдегі ыстық су проблемасы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Үкімет кулуарында Семей қаласындағы ыстық су проблемасы қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сіздің облыс басшылығына келуіңізге байланысты «Елімай» клубы қайта жандана ма? Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа БАҚ өкілдері Үкімет кулуарында осындай сұрақ қойды.

«Негізі ол клубты мен келгенге дейін де қайта жандандырып бастаған болатын. Сол жұмыс жалғасатын шығар», - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ ол қаладағы ыстық су проблемасы туралы пікір білдірді.

«Бұл мәселемен жұмыс істеп жатырмыз. Кеше Мемлекет басшысының алдында да №3 жылу-электр орталығын салу мәселесі талқыланды. Оның құрылысы бітсе, қалада жыл он екі ай ыстық су болады.

Мен Семей қаласының кейбір аудандарында ыстық су бар екенін айтқым келеді», - деді Нұрлан Ұранхаев.

Еске салсақ, кеше Абай облысының әкімі Президентке өңірдің қазіргі жағдайы туралы баяндаған болатын.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT