08.05.2023 10:45 Маңғыстау облысында нәрестені сату кезінде екі әйел ұсталды АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаулық полицейлер шақалақты сату кезінде екі әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
03.05.2023 13:50 Мәжіліс адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын мақұлдады АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.05.2023 20:30 Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитетінің сессиясына қатысады АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов бастаған делегация БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитетінің 76-шы сессиясына қатысады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.04.2023 10:23 Атырауда әкімдік қызметкерлері кәсіпкердің жер телімін кеңейтуден бас тартқан АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау әкімдігініңң қызметкерлері кәсіпкердің жер телімін кеңейтуден бас тартқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.04.2023 21:55 81 жастағы анасын қорлаған Астана тұрғыны қамауға алынды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарт анасын қорлаған астаналық тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
26.04.2023 13:31 СҚО-да білім бөлімдері балабақшаларды негізсіз тексермек болған ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында білім бөлімдері жекеменшік мектепке дейінгі білім беретін ұйымдарды заңсыз тексермек болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мұны тексеріс барысында анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.04.2023 09:41 Оқу-ағарту министрлігі балалар арасында суицидтің алдын алу үшін кешенді жоспар әзірлеп жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқу-ағарту министрлігінде білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтерді дамыту перспективалары туралы кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.04.2023 17:52 Оңтүстік Кореяға заңсыз кірген қазақстандықтардың соты мамыр айында болады АСТАНА. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяға заңсыз кірді деп күдікке ілінген Қазақстанның екі азаматының ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.04.2023 11:25 Ұлттық комиссия жыныстық зорлық-зомбылықпен күрес бойынша өз ұсыныстарын жариялады АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстарға қарсы күрес тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.04.2023 07:21 Атырауда ауыл мұғалімдеріне сауықтыру үшін берілетін 10,8 млн теңге кешігіп төленген АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ауыл мұғалімдеріне сауықтыру үшін берілетін 10,8 млн теңге кешігіп төленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
19.04.2023 19:24 Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен азаптауға қарсы күрес қалай жүріп жатқанын айтты АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен Артур Ластаев Алматыға жұмыс сапары аясында өзінің аумақтық Өкілі Қ. Малдыбаевпен бірге қаланың құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесу өткізді.
19.04.2023 18:32 Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істейтін қазақстандықтардың мәселесі шешілуі мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда еңбек етіп, қызмет атқаруы мәселесі екіжақты келісім арқылы заңдастырылмақ. Бұл туралы орталық коммункациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.04.2023 07:21 Атырауда жұмысшы құқығын бұзған 21 кәсіпорын 4 млн теңге айыппұл төледі АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында үш айда еңбек заңнамасын бұзған 21 кәсіпорынға 4 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12.04.2023 03:36 Атырауда аудандық аурухана 80 кәсіпкерге 168 млн теңге қарыз болып қалған АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында аудандық аурухана 80 кәсіпкерге 168 млн теңге қарыз болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11.04.2023 01:29 Ақмолада кәсіпкерлерге жарты жыл бойы қоқыс шығарғаны үшін негізсіз ақы есептелген КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында кәсіпкерлерге жарты жыл бойы қоқыс шығарғаны үшін негізсіз ақы есептелген. Бұл туралы Атбасар қаласының кәсіпкерлері «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы арқылы өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне шағым түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.04.2023 09:38 Астана тұрғындарына энергия үшін төлеген артық ақшасы қайтарылып жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада прокуратураның араласуына кейін электр энергиясы үшін артық төлем жасаған тұрғындарға ақшалары қайтарылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
06.04.2023 14:41 Шығыс Қазақстанда биыл кәсіпкерлерді заңсыз тексерудің 22 фактісі анықталды ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жыл басынан бері кәсіпкерлерді заңсыз тексерудің 22 фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2023 13:31 ШҚО-да шаруа қожалық басшысы 52 жастағы азаматты 15 ай бойы құлдықта ұстаған АСТАНА. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалық басшысы 52 жастағы азаматты 15 ай бойы құлдықта ұстаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2023 13:13 Қарақалпақстандық әйел 3 жасар қызын 1 млн теңгеге сатқан АСТАНА. ҚазАқпарат – Оралда әйел 3 жасар қызын 1 млн теңгеге сатқан Қарақалпақстан тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2023 13:01 Ақмолалық азамат бойжеткенді 250 мың теңгеге сатты деген күдікке ілінді АСТАНА. ҚазАқпарат – Петропавл қаласында адам саудасымен айналысқан Ақмола облысының тумасы ұсталды. Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыл Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингінде осындай дерек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.