Адамдарға көмектескім келеді – 30 жыл мемқызметте еңбек ететін маман
2022 жылғы 23 маусым 12:23

Адамдарға көмектескім келеді – 30 жыл мемқызметте еңбек ететін маман

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Тәжірибелі мемлекеттік қызметші Любовь Совеко Шығыс Қазақстан облысының азаматтық қорғау саласында 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер үшін кәсіби мереке. Бүгінгі таңда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде 36 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Оның бірі – Любовь Совеко.

Ол Алтай ауданының ТЖ басқармасында 1992 жылдан бастап бас маман болып жұмыс істеп келеді. Бұл қызметке кездейсоқ келген жоқ. «Өмір бойы бір сарынды жұмыс істегенше адамдарға қиын сәтте көмектескім келді», - дейді Любовь Совеко. Оның бөлімшесі қойылған міндеттерді сәтті орындап, өңірді және оның тұрғындарын түрлі төтенше жағдайлардан қорғайды, азаматтарды оқытады.

«Бас маман Любовь Петровна күн сайын офицер-жігіттермен қатар аудандағы жағдайға мониторинг жасайды. Төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын бақылайды, аймақтың және оның тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жоспарлар мен маңызды құжаттар әзірлейді. Оның қажырлы еңбегінің арқасында былтырғы және биылғы су тасқыны маусымы Алтай ауданында ойдағыдай өтті», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Любовь Совеко қызметін адал атқарып, үнемі өзін-өзі жетілдіруге тырысады.

«Қиындықтар адамды шыңдай түседі. Іске адал қараудың, кәсібилік пен еңбекқорлықтың арқасында ең күрделі міндеттерді сәтті орындауға болады», - дейді тәжірибелі мемлекеттік қызметші.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT