Әділжан Үмбет

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін 1996 жылы бітірді. Еңбек жолын 1996 жылы «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, Қызылорда қалалық «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде жалғастырды. Негізгі қызметімен бірге 2006-2014 жылдары республикалық «Жас қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінде Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болды. 2015-2020 жылдары Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Қазір «Сыр бойы» газетінде бөлім басшысы. 2018 жылдан бері «Қазақпарат» ХАА Қызылорда облысындағы тілшісі қызметін атқарады. 1999 жылдан бері Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

1 2 3 4 267 268 269