кеше 16:30 «Арқаның алтын тәжі»: Қарқаралыда қай жерге барып демалуға болады ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат – Қарқаралы ұлттық табиғат бағы мен әсем таулары – Сарыарқаның інжу-маржаны. Бұл аймақтың таза табиғаты тәнді ғана емес, адам жанын да емдей алады. Біздің тілшіміз Қарқаралының туристік нүктелеріне қалай жетуге болатынын айтып береді.
24.05.2023 14:35 Қарағанды облысында 7 ЖЭО-да ауқымды жөндеу жүргізіледі ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жаңа жылыту маусымының алдында Қарағанды облысында 7 ЖЭО-да ауқымды жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 13:32 Досбол Құлекеев Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі болды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі болып Досбол Құлекеев тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Саят Шаймин өз еркімен қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 12:42 Қарағанды облысының тұрғындары 80% жергілікті өніммен қамтамасыз етілмек ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының тұрғындары 2027 жылға қарай 80% жергілікті өніммен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 12:38 Қарағанды облысында ерекше қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктері кеңейтілуде ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім беру жүйесінің дамуы туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.05.2023 12:29 Қарағанды облысында 11 жаңа кәсіпорын ашылады ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында жаңа инвестициялық жобалар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23.05.2023 18:02 Қарағандыда құбыр жарылып, ондаған үй сусыз қалды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда Сұрыптау шағын ауданы және Компанейс кентінің тұрғындары бірнеше сағат бойы суық сусыз отыр. N6 магистральдық су құбырында диаметрі 500 мм болатын жарық пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23.05.2023 09:41 «Қазақстан барысында» Қарағанды облысының намысын қорғайтын палуандар анықталды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының 22 мықты палуаны «Сарыарқа Барысы» үздік атағы үшін өзара бақ сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23.05.2023 06:40 Қарағанды облысында ауыл мектептері тағы 8 жаңа автобус алды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында ауыл мектептерінің автопаркі тағы сегіз жаңа автобуспен толықты. Ыңғайлы көлік жол қауіпсіздігі талаптарына жауап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.05.2023 04:09 Қарағандылық оқушы «Жусан иісі» шығармасы негізінде үстел ойынын құрастырды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Ақнұрай Амангелді Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі негізінде «Білім батл» үстел ойынын құрастырды. Аталмыш шығарма жалпы орта және Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.05.2023 17:14 Қарағандыда тұрғын үйдегі ірі өрттің себебі айтылды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының ТЖД бастығы тұрғын үйде болған өрттің себебін хабарлады. Үйдің төбесі толықтай өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.05.2023 16:28 Қарағандыда мың шаршы метрге жуық тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатыр ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда бес қабатты тұрғын үй өртеніп жатыр. Өрт шамамен 900 шаршы ауданды қамтыды. Құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.05.2023 10:14 Сал ауруына шалдыққан кішкентай қарағандылық адаптивті таэквондоының арқасында жүре бастады ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық Матвей Пенчук өзінің алтыншы туған күнін ArtSport бағдарламасы бойынша баратын адаптивті таэквондо сабақтарында қарсы алады. Тәжірибелі жаттықтырушы Ербол Игембаевтың жетекшілігімен корей жекпе-жегі бір жыл бұрын церебральды сал ауруымен ауыратын балаға алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.05.2023 14:18 Абылай Сұлтанғали Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі болып тағайындалды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Бұқар жырау ауданының әкімі болып Сұлтанғали Абылай Қайратқалиұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2023 22:49 Биыл Қарағанды облысында 700 мүгедек адам жұмысқа орналасады ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында мүгедектігі бар адамдар қатыса алатын жұмысқа орналастыру жобаларының тізбесі кеңейтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.05.2023 07:55 Қарағанды облысында ауылға барып жұмыс істеген дәрігерге 5 млн теңге көмек беріледі ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Новоузенка ауылының тұрғындары енді заманауи фельдшерлік-акушерлік пунктіде медициналық көмек алады. Жергілікті тұрғындар үшін бұл - көптен күткен оқиға, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2023 02:00 Қарағандыда полицейлер болашақ заңгерлерге сабақ беретін болды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің заң факультетінде сотқа дейінгі тергеу және цифрлық құзыреттер кабинеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.05.2023 23:50 Қарағандылық ауыр атлеттер Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық спортшылар ересектер арасындағы жекелеген жаттығуларда ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды. Артем Антропов күміс, Айша Омарова қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.05.2023 12:53 Қарағандыда қалалық автобус жүргізушісі есінен танған әйелді құтқарып қалды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы маршруттық автобустың жүргізушісі жолаушыны ауруханаға жеткізу үшін жолдан шығып кетті. Әйел кенеттен есінен танған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.05.2023 00:30 Қарағанды облысында қан ауруларымен науқастанғандарды емдеуге 2,9 млрд теңге бөлінді ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында онкогематологиялық аурулары бар науқастарды тексеруге және емдеуге 2,9 млрд теңге бөлінді. Медициналық сақтандыру қоры ТМККК шеңберінде 2,7 млрд теңге және МӘМС пакетінен 200 млн теңгеден астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.