Ақсай қаласында 9-қабаттан құлаған ер адам мерт болды
2022 жылғы 8 маусым 17:48

Ақсай қаласында 9-қабаттан құлаған ер адам мерт болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақсай қаласында ер адам 9-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері, полиция майоры Дариға Мәжитованың айтуынша, қайғылы оқиға 7 маусым күні сағат 08.10-да болған.

«Тоғызыншы қабаттан құлаған 61 жастағы ер адам оқиға орнында жан тапсырды. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Д.Мәжитова.

Бұл – соңғы кезде Ақсай қаласында болған осындай екінші оқиға.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында 41 жастағы ер адамның өзін-өзі атып өлтіргенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі адам көз жұмды.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT