АҚШ-та тағы да атыс болды
2022 жылғы 27 маусым 16:12

АҚШ-та тағы да атыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Такома қаласындағы би кешінде атыс болып, кем дегенде сегіз адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News арнасына сілтеме жасап.

Оқиға жексенбі күні жергілікті уақытпен сағат 00:45-те көп адам жиналған Такома қаласының оңтүстік бөлігіндегі өнеркәсіптік ауданда болған. Құқық қорғау органдары атыс қаруы қолданылған жанжал әуелі көшеде басталғанын айтады. Полиция дереу қылмыс болған жердің айналасындағы көшелерді жауып тастады. Оқ жарақатынан зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Полицияның мәліметінше, қаза болғандар туралы хабарлама түскен жоқ, кінәлілерді іздеу бойынша тергеу жалғасуда.

Еске салсақ, 21 маусымда Нью-Йорктегі Гарлем ауданында белгісіз біреу адамдарға оқ атып, 1 адам қаза тапты және 8-і жарақат алған еді.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT