кеше 13:29 Байден мен өкілдер палатасының спикері АҚШ мемлекеттік қарызының шегіне қатысты келісімге келді ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Джо Байден тұлғасында Ақ үй мен Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти Америка мемлекеттік қарызының деңгейін көтеріп, дефолттың алдын алуға келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтемемен.
27.05.2023 15:20 АҚШ қаржы министрлігі мемлекеттік қарыз шегі мерзімін ауыстырды ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен жұма күні егер Конгресс мемлекеттік қарыз шегін 5 маусымға дейін көтермесе ел үкіметі барлық шотын уақытында төлей алмайтынын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.
26.05.2023 20:52 Калифорнияда «Көрінбейтін үй» сатуға шығарылды САН-ФРАНЦИСКО. ҚазАқпарат – Калифорния штатында «көрінбейтін үй» сатуға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNBC-ге сілтемемен.
24.05.2023 10:45 Бүгін Димаштың туған күні: Нью-Йоркте әншінің фотолары алып экраннан көрсетілуде АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін әлемге белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 29 жасқа толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21.05.2023 23:30 Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-тағы Пенсакола ITF M25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.05.2023 15:20 Алматылық оқушы АҚШ-та өткен математика байқауынан жүлделі оралды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық оқушы Сағын Жұмаділдаев АҚШ-тың Даллас қаласында өткен әлемдегі ең беделді ғылыми жобалар байқауының бірі – International Science and Engineering Fair-дан жүлделі екінші орынмен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
19.05.2023 09:03 ChatGPT жасанды интеллектісіне негізделген iOS-қа арналған бағдарлама іске қосылады ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – OpenAI компаниясы ChatGPT жасанды интеллектісіне негізделген iOS платформасындағы құрылғыларға арналған чат-бағдарламасын іске қосатынын мәлімдеді. Бағдарлама жақын арада АҚШ пайдаланушылары үшін қолжетімді болады, кейінірек басқа елдерде де іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
18.05.2023 13:16 АҚШ-тың Монтана штатында Tik Tok-қа тыйым салынды ХЕЛЕНА. ҚазАқпарат – Монтана АҚШ-тағы TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салынған алғашқы штат болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.
18.05.2023 08:57 Колорадо штатында мас жүргізуші жазадан қашып, рульге итін отырғызбақ болды ДЕНВЕР.ҚазАқпарат - Жылдамдықты асырған жүргізуші қамауға алынбас үшін жолаушы креслосындағы итімен орнын ауыстырмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат USA Today агенттігіне сілтеме жасап.
17.05.2023 09:21 АҚШ конгресі жасанды интеллект технологиясын реттеумен айналысады АСТАНА. ҚазАқпарат – ChatGPT бағдарламасын жасаған Сэм Альтман АҚШ конгресін жасанды интеллект технологияларын реттеуге шақырды. Технологияның көп салада пайдасы көп болғанымен билікке бұл саланы заңды түрде реттеу керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
16.05.2023 14:25 АҚШ 1 маусымда дефолт жариялауы мүмкін ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен АҚШ келесі айдың басында өз міндеттемесі бойынша дефолт жариялауы мүмкін деп санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.
10.05.2023 09:01 Сот Дональд Трампты журналиске сексуалдық қысым көрсетті деп таныды АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтық іс бойынша алқабилер соты бұрынғы президент Дональд Трампты ELLE журналының колумнисі Элизабет Джин Кэрроллге сексуалдық қысым көрсеткен, бірақ оны зорламады деген үкім шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
06.05.2023 08:14 Қайрат Ахметов АҚШ-та «Найзаны» жеңді БРУМФИЛД. ҚазАқпарат – Аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов (26-2) белді промоушен One Fighting Championship Брумфилде (АҚШ, Коловадо штаты) өткізген турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
04.05.2023 22:42 SpaceX 56 жаңа буынды Starlink спутнигі бар зымыран тасымалдағышын ұшырды АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық SpaceX компаниясы бейсенбіде Starlink желісінің жаңа буынды 56 микроспутнигі бар Falcon 9 зымыран тасымалдағышын ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
04.05.2023 17:25 Дональд Трампқа қатысты қылмыстық қудалау: Келер жылы АҚШ-тағы президент сайлауы қалай өтпек ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Дональд Трампқа қатысты қылмыстық қудалау оның 2024 жылы өтетін президент сайлауына қатысуына тікелей әсер етеді. Сот процесіне байланысты америкалықтардың қөзқарасы қақ жарылды. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі алдағы сайлау төңірегіндегі мәселелер мен белді кандидаттардың мүмкіндігін саралап көрді.
04.05.2023 15:00 Әлемде энергетика және азық-түлік тапшылығын болдырмауда Орталық Азияның маңызы ерекше – АҚШ сарапшылары ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Орталық Азиядан шығатын энергетикалық және азық-түлік тауарларының әлемдік экономикадағы маңыздылығы артып келе жатыр. Бұл аталған саладағы мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылаған АҚШ сарапшыларының пайымы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.05.2023 10:34 АҚШ-та тағы бір ірі банк банкротқа ұшырады АСТАНА. ҚазАқпарат – Кейінгі 2 ай ішінде АҚШ-та үшінші банк банкротқа ұшырады. Калифорния штатының билігі First Republic банкін жауып, оның акивтерін депозиттерге кепілдік беру жөніндегі Федералды корпорацияның кеңсесіне өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі bloomberg.com сайтына сілтеме жасап.
30.04.2023 14:42 Техастағы қырғын: бес адам қаза тапты, оның ішінде бала бар ТЕХАС. ҚазАқпарат – Қаруланған қаскөй Техаста үй тұрғындарына оқ атып, бес адамды, оның ішінде сегіз жасар баланы мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат bbc.com-ге сілтеме жасап.
29.04.2023 09:45 Әлихан Смайылов пен АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм екіжақты ынтымақтастықты талқылады АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.04.2023 09:08 Вашингтонда алғашқы алкогольсіз бар ашылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Маскүнемдік пен нашақорлық Ұлттық кеңесінің мәліметі бойынша, АҚШ-та 15 миллионға жуық адам ішімдікке тәуелділікпен күресуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Голос Америки» басылымына сілтеме жасап.