Ақтауда кәріз құдығынан шала туған шақалақ табылды
2022 жылғы 9 маусым 15:41

Ақтауда кәріз құдығынан шала туған шақалақ табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Айы-күні жетпей туған жансыз шақалақ қаладағы кәріз құдығының бірінен табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Бүгін, 9 маусымда сағат 11:51-де кезекші 102 пультіне Ақтау қаласының 32-шағын ауданында кәрізден 9 айы толып, өмірге келмеген шарана табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіле бастады», - делінген ПД хабарламасында.

Аталған факт ҚР ҚК 001-бабы (адамның қайтыс болуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT