Ақтөбе кәсіпкерлер палатасы Украинада қалған 11 жүк тасымалдаушыдан хабар алды
2022 жылғы 28 ақпан 10:01

Ақтөбе кәсіпкерлер палатасы Украинада қалған 11 жүк тасымалдаушыдан хабар алды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жүк тасымалдаушы 11 жүргізуші Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына хабарласып, Украинадағы мекенжайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атамекен» ҰКП Украинадан шыға алмай жатқан және көрші мемлекеттердің шекаралас аймақтарында тұрған жүк көліктері туралы деректер жинай бастады.

Ақт өбе облысынан барлығы 11 жүргізуші хабарласып, қазіргі мекенжайын айтты.

Олар көліктерін тастап кете алмайды. Себебі 11 көліктің 9-ында жүк бар.

Сондықтан өңірлік кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлермен, жүк тасымалдау компанияларының өкілдерімен кеңес өткізу жоспарланды.

«Барлық өңірлік палата жүргізушілер туралы деректерді жинақтап жатыр. Тізімдерді жедел түрде Ұлттық палатаға жібереміз. Олар уәкілетті ведомстволарға жолдайды. Журналистер арқылы кәсіпкерлерге, жүргізушілерге жүгінгіміз келеді. Егер сіз немесе сіздің компанияңыздың жүргізушісі Украинадан шыға алмай қалса +7 778-870-1432 нөміріне хабарласуға болады. Бұл ҰКП call-орталығы. Немесе +7 701-784-8582 нөміріне хабарласыңыз. Бұл - менің байланыс нөмірім. Бүгінгі күні жүк тасымалдаушы жүргізушілерден 11 ақпарат қабылданды. Оның тоғызында жүк бар, ал үш көлік бос. Атамекен ҰКП олармен байланыста. Украинадан жүк тиеп келе жатқандардың елге оралуы үшін жедел шараларын ұйымдастырылып жатыр», - деді Ақтөбе ӨКП директорының орынбасары Руслан Куйшинов.

ҰКП-ның арнайы формасы мен байланыс нөмірі жүргізушілердің барлық чатына, салалық қауымдастықтарға таратылды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT