14:51 Ақтөбе облысындағы жол апаты: төрт мұғалім көз жұмды, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Қобда ауданы аумағында кеше болған жол апатынан төрт мұғалім көз жұмды, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08:15 Алғашқы медициналық көмек көрсеткен: Ақтөбеде мектеп оқушысы замандасын өлімнен арашалап қалды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 15 жастағы бозбала достарымен суға шомылуға барып, өзен жағасына шыға алмай қалған. Қарсы бетте тұрған Қолқанат Баққұл оны өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 21:31 Ақтөбеде 4 адам көз жұмған жол апаты: Көлікте диплом алуға бара жатқан оралдық мұғалімдер болған ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол апатына ұшыраған автокөліктің ішінде оралдық мұғалімдер болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 21:13 Әйелді 35 жерінен пышақтап өлтіріп, көлігіне тығып қойған ақтөбелікке үкім шықты АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Әйелмен кездесіп, кейін оны 35 рет пышақтап өлтірген сотталушыға бүгін үкім оқылды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 20:42 Ақтөбеде көлік апатынан 4 жолаушы мерт болды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі Самара-Шымкент тасжолында жеңіл көлік алдында келе жатқан жүк көлігіне тоқтығысты. Салдарынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 19:56 Ақтөбеде бір жасар сәбилер еңбектеуден сынға түсті АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында еңбектейтін сәбилер байқауы өтті. Сынға барлығы 70 бала қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 15:46 Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің экс-бастығы алаяқтығы үшін сотталды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің экс-бастығы Е.Ешмұханов алаяқтығы үшін сотталды. Ол полицияда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Сонымен бірге 2 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 22:42 Ақтөбеде скутер тізгіндеген 16 жасар бозбала жол апатынан көз жұмды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде скутер жүргізіп келе жатқан кәмелетке толмаған бала жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30.05.2023 19:44 Ақтөбеде «Қоғам. Тұлға. Отбасы» атты ата-аналар форумы өтті АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде облыстық ата-аналар форумы өтіп, онда бала тәрбиесі, негізгі проблемаларды анықтау және оларды шешудегі ата-ана, мектеп мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылының маңыздылығы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30.05.2023 18:30 Ақтөбеде Қазақстандағы алғашқы креативті орталық ашылды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының креативті индустрияны дамыту бағытындағы тапсырмасын орындау мақсатында тиісті шаралар қабылданып жатыр. Бүгін Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы базасында Қазақстандағы алғашқы креативті орталық өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
29.05.2023 07:32 Ақтөбеде бұзау іздеуге шығып, суға батып кеткен екінші баланың денесі табылды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Кеше Ырғыз ауданының Құрылыс ауылында екі бала суға батып кетіп, бірінің денесі екі сағат ішінде табылды. Ал екіншісін сүңгуірлер 5 метр тереңдіктен алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.05.2023 17:58 Ақтөбеде республикалық Паралимпиада ойындары өтіп жатыр АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін республикалық Паралимпиада ойындарының үшінші кезеңі аясында отырып ойнайтын волейболдан жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
28.05.2023 11:58 Ақтөбелік дәрігерлер өңештің варикозды тамырынан қан кетуді жаңаша емдей бастады АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Алғаш рет Ақтөбе көп бейінді ауруханасының дәрігерлері циррозбен ауыратын пациенттерде өңештің варикозды тамырларынан қан кетуді емдеудің жаңа заманауи әдістерін клиникалық практикаға енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.05.2023 00:00 Ақтөбеде бұзау іздеуге шыққан екі бала суға батып кетті АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында екі бала суға батып кетті. Қазіргі кезде бір баланың денесі табылды, ал екіншісін іздеу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.05.2023 22:52 Ырғыз-Торғай табиғи резерватында аң-құсты тамашалап, балық аулауға болады АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватында үш экологиялық туристік маршрут бар. Мұнда табиғаттың тамашасын көру үшін жай жолмен жүріп, өзен жағасында тынығуға болады. Инфрақұрылым жоқ. Туристік маршрутты резерват қызметкерлері 1 маусымнан 1 желтоқсанға дейін ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.05.2023 18:03 Ақтөбеде аламан бәйге өтті АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионатының аймақтық іріктеу турнирі бастау алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26.05.2023 21:14 Ералы Тоғжанов Ақтөбеде жол жөндеу, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Ақтөбе облысының тарихында рекордтық 848 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу және салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
25.05.2023 21:34 Ақтөбеде биыл 47 адам суицидтен көз жұмды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде биыл 168 адам өз-өзіне қол жұмсады. Оның ішінде 47 адам көз жұмып, қалғаны құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.05.2023 21:59 Ақтөбеде жазғы лагерь жұмысын ұйымдастыруға 394 млн теңге жұмсалады АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласы сыртындағы 10 лагерьде оқушылардың жазғы демалысы ұйымдастырылады. Балалардың тегін тынығуына ірі компаниялар да демеушілік жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.05.2023 02:34 Ақтөбеде 8 жасар баланы көлік қағып мерт қылды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Жаңақоныс тұрғын алабында қайғылы оқиға тіркелді. 8 жасар баланы көлік қағып кетіп, оқушы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.