Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
2022 жылғы 25 маусым 00:16

Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында 6 ірі су қоймасын (Достық, Темір, Жамбыл, Көктерек, Жаман-Қарғалы және Әлия) салынады. Қазіргі уақытта жобалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесуінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында республикалық бюджет есебінен Шалқар көлін тазарту жұмыстары жүріп жатқаны айтылды (жалпы құны 3,1 млрд теңге). Жұмыстың 45%-ы орындалды. Шығарылатын төменгі тұнбаның көлемі 3,0 млн. м3 құрайды, 963 мың м3 тазартылды. Көлді тазарту судың сапасын арттыруға, Шалқар қаласының халқын шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау сапасын жақсартуға және жалпы Арал өңірінің экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Министрлік алдағы жылдары (2023-2024) Жем өзенінің арнасын тазарту, Ойыл өзенін сауықтыру, Елек, Қарғалы және Жіңішке өзендері арнасын тазарту, түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде жоғарыда аталған жобаларды іске асыру үшін Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім берілді», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT