Ақтөбеде «Аналарға тағзым» орталығы салынып жатыр
2018 жылғы 5 ақпан 10:32

Ақтөбеде «Аналарға тағзым» орталығы салынып жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Аналарға тағзым» рухани-адамгершілікке тәрбиелеу орталығы салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аналарға тағзым» орталығы Ақтөбенің Батыс-2 ықшам ауданында бой көтеруде. Еліміздегі тұңғыш жобаның құрылыс жұмыстары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылуда. Оған «Туған жер» акциясы аясында жергілікті кәсіпкерлер демеушілік білдіріп, қолдау көрсетті. Олардың арасында іскер әйелдер де бар. «Аналарға тағзым» орталығының тұжырымдамасын жасаған «Туған жер» ұйымдастыру комитетінің төрайымы Сәния Қалдығұлова.

«Бұл жоба елімізде тұңғыш рет қолға алынды. Осы жобаны іске асыру арқылы әрқайсысымыз үшін бағалы, құнды, киелі аналарға бас июге үндейміз. Орталықта экспозициялық зал болады. Мұнда келушілер Бопай ханым, Нұрсұлу Тапалова, Роза Жаманова, Әлия Молдағұлова, Аққағаз Досжанованың өмірімен, ерлік жолымен танысады. Сонымен қатар, ел тарихына енген аналар туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік алады»,- деді С.Қалдығұлова.

Ақтөбе облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, орталықта психологиялық кеңес беру, қолданбалы өнер, жалпы дамыту, музыкалық тәрбие беру, стилистика және дизайн, отбасылық жаттығу кабинеттері болады. Орталықтың басты міндеті - әйелдің отбасындағы рөлін арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрін ескере отырып, болашақ аналарға тәрбие беру. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жобамен танысып, орталық құрылысын осы жылдың 1 маусымына дейін аяқтауды тапсырды.
null

«Биыл Ақтөбе облысында балаларды дамыту үшін барлық жағдайды жасауға бағытталған «Бақытты балалық шақ» ауқымды акциясын өткізу жоспарланып отыр. «Аналарға тағзым» орталығының құрылысы маңызды жұмыстың бірі болып табылады. Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеп, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін септігін тигізеді,- деп Б.Сапарбаев.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT