Ақтөбеде бір аптада жолаушылар тасымалы ережесін бұзудың 190 дерегі тіркелді
2022 жылғы 18 маусым 09:45

Ақтөбеде бір аптада жолаушылар тасымалы ережесін бұзудың 190 дерегі тіркелді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 7-16 маусым аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткен. Онда облыстың автожолдарында 3 700 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолы кесілді.

«Оның ішінде мас күйде көлік құралын жүргізгені үшін 65 жүргізуші, қарама-қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығу бойынша 60 тұрғын, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермегені үшін 150 жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 160-тан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушінің көлік жүргізуі бойынша 114 фактісі, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзудың 190 фактісі анықталды», - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT