Алакөл маңында көлік апатынан екі адам мерт болды
2022 жылғы 20 маусым 15:16

Алакөл маңында көлік апатынан екі адам мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысындағы Алакөл ауданында көлік апатынан екі адам мерт болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 маусым күні Алакөл ауданының Ақтүбек ауылының маңында көлік апаты болды. Бескөл-Жайпақ жолының 15- шақырымында «Toyota Avensis» көлігінің 26 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, аударылған. Соның салдарынан көлік жүргізуші мен жолаушы мерт болды. Көлік жүргізушісі жергілікті тұрғын»,- делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, тағы 28 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен Үшаралдағы аудандық ауруханаға түскен. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4-ші бөлігі бойынша тергеу басталды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT