15:05 Солтүстік Кореяда безгек жұқтырғандардың тәуліктік өсімі 200 мыңнан төмендеді БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Солтүстік Кореяда «безгек» деп аталып кеткен ауру белгілері бар науқастардың тәуліктік өсімі үшінші күн қатарынан 200 мыңнан төмендеді. Сәуір айының аяғынан бастап мұндай жағдайлардың жалпы саны 3 млн адамға жуықтады. Бұл туралы Кореның орталық телеграф агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap-қа сілтеме жасап.
13:43 Маймыл шешегіне қарсы жаппай вакцина алудың қажеті жоқ – ДДСҰ НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маймыл шешегін жұқтырғандар санының өсуі қазіргі уақытта осы ауруға қарсы жаппай вакциналануды қажет етпейді. Бұл туралы ДДСҰ өкілі Ричард Пибоди мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
08:50 Қытай шетелге топтық турларды тоқтатты БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың иммиграциялық органдары шетелдік топтық турларға тыйым салу саясатын жалғастыруда және коронавирус пандемиясына байланысты ел азаматтарына шетелге шығудан бас тартуды ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚХР Мемлекеттік иммиграция басқармасына сілтеме жасап.
кеше 20:30 Starbucks әлемдік кофе желісі Ресей нарығынан кетті МӘСКЕУ. ТАСС- ҚазАқпарат – Америкалық «Starbucks» кофе желісі Ресей нарығынан кететінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
кеше 19:17 Украинадағы жағдай Ұлыбританиядағы бағаның өсуіне әсер етуде БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Ұлыбритания бағаның күрт өсуіне дайын емес. Британдық «The Independent» газетіне берген сұхбатында Ұлыбритания үкіметі жанындағы консультативтік органның басшысы Йан Райт осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 17:40 Үндістан инфляциямен күреске 26 млрд доллар жұмсамақ НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістан үкіметі жоғары инфляциямен күресу үшін 2022-2023 қаржы жылында 26 млрд долларға (2 трлн үнді рупийі) жуық қосымша қаражат тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі The Economic Times басылымына сілтеме жасап.
кеше 17:18 Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны азайды АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияда соңғы тәулікте коронавирусқа 118 852 тест тапсырылды. Оның 905-і расталды. Мыңнан астам пациент сауығып шықты, 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Түркиядағы меншікті тілшісі.
кеше 15:32 Ауған тележүргізушілері әйел әріптестерін қолдап, эфирге маска тағып шықты КАБУЛ. ҚазАқпарат – «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда және бірқатар өзге мемлекетте тыйым салынған) теледидарда қызмет ететін әйелдерге бет-әлпетті жабуға міндеттейтін жарлық шығарғаннан кейін, Ауғанстанның TOLOnews телеарнасының жүргізуші ер адамдары әріптестеріне қолдау білдіріп, эфирге маска тағып шықты. ҚазАқпарат тілшісі бұл туралы ауған телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
кеше 14:23 Самарқанда полиция қазақстандық туристерді себепсіз ұстап, учаскеге апарған ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Самарқанның ІІБ қызметкерлері қазақстандық туристерді заңсыз ұстап, арнайы техникалық құралдарды қолданған. Бұл туралы Өзбекстан ІІД Telegram каналында ведомствоның баспасөз қызметінің басшысы Шохрух Гиясов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
кеше 12:56 Канадада дауыл соғып, 900 мыңнан астам үй жарықсыз қалды ТОРОНТО. ҚазАқпарат - Канаданың оңтүстігіндегі Онтарио және Квебек провинцияларында қатты дауыл салдарынан 900 мыңға жуық үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
кеше 11:47 АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға келеді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы аптада Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Дональд Лу келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
кеше 09:33 «Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жектің жалғыз шартын жариялады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн Сауль «Канело» Альварес ресейлік Дмитрий Биволмен мүмкіндігінше тезірек реванш өткізуге дайын екенін мәлім етті. Мексикалық боксшы осы айдың басында Биволдан жеңіліп қалған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
кеше 08:45 Израиль мен Швейцарияда маймыл шешегі анықталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Израиль мен Швейцарияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы оқиғалары расталды. Бүгінде ауру анықталған елдер саны 14-ке жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
кеше 08:21 Қырғызстанда қар жауып, көлік қозғалысы қиындады БІШКЕК. ҚАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстан асуларында қар жауып жатыр. Салдарынан жолдарды қар басып, көлік қозғалысы қиындады. Бұл туралы елдің Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
кеше 02:00 Бельгия вирусологтері маймыл шешегіне бола алаңдауға негіз жоқтығын айтады БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгияда маймыл шешегін жұқтырудың төртінші дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
22.05.2022 21:47 Францияда туристер ұшағы апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты ПАРИЖ. ТАСС-ҚазАқпарат - Францияның оңтүстік-шығысында туристік ұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты. Бұл туралы ақпаратты BFM телеарнасы таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
22.05.2022 20:29 Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің командасы шағын футболдан жеңіске жетті БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссель қаласында Бельгиядағы дипломатиялық өкілдіктер командалары арасында шағын футболдан әуесқой турнир өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» меншікті тілшісі.
22.05.2022 19:16 Бейжің тұрғындары ковид қонақ үйлеріне орналастырыла бастады БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжің қаласының 5 мыңға жуық тұрғыны 7 күнге ковид қонақ үйлеріне орталықтандырылған карантинге жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бэйцзин Жибао басылымына сілтеме жасап.
22.05.2022 02:56 Қырғызстанда жүк көлігі шекара бекетіне соғылып, 8 адам көз жұмды БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат - Қырғызстанның Баткен облысы Кадамжай ауданында «Чечме» бақылау-өткізу бекетінде ірі көлік апаты болып, 8 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.
21.05.2022 12:02 Ресей маймыл шешегін жұқтыру жағдайларын анықтайтын тест жүйесін қолданбақ МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Маймыл шешегі індетінің ықтимал жағдайларын анықтауға арналған тест індеттің таралу қаупі төнген жағдайда қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.