00:40 Италияға заңсыз мигранттардың жаңа легі ағыла бастады АСТАНА. ҚазАқпарат – Италияға Жерорта теңізі арқылы заңсыз мигранттардың жаңа легі ағыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.
кеше 23:24 Дональд Трамп: АҚШ тарихындағы ең кінәсіз адам болармын АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өзіне тағылып отырған айыптаулардың негізсіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
кеше 21:18 Францияда су қоймасы құрылысына қарсы наразылық кезінде ондаған адам жараланды ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Франциядағы зейнетақы реформасына қатысты әлеуметтік қақтығысқа экологиялық нарызылықтар қосылып, оның соңы жандармдармен қақтығысқа ұласты. Бес айлық үзілістен кейін 30 мың демонстрант елдің батысындағы Сент-Солинде жиналып, су қоймасының құрылысына қарсылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
кеше 20:37 Еуроодақ іштен жанатын қозғалтқышқа қатысты талапты жұмсартты АСТАНА. ҚазАқпарат – Германия Еуроодақтың іштен жанатын қозғалтқышқа қатысты талапты жұмсартуына қолжеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
кеше 19:43 АҚШ-та торнадо тұрып, 25 адам көз жұмды АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Миссисипи штатында торнадо дауылы тұрып, 25 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
кеше 19:31 Өзбекстанда жыл басынан бері 250 рет жер сілкінді АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылдың басынан бастап Өзбекстанда және көрші елдердің шекаралас аумақтарында 2,8-ден 6,8-ге дейінгі магнитудалы 250-ден астам жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
кеше 18:44 Израильде сот реформасына қарсы жаппай наразылық шаралары өтіп жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдің ірі қалаларында Кнессетте талқыланып жатқан сот реформасын қабылдауға қарсы жаппай наразылық шаралары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
кеше 17:44 Испанияда орман өртінен 1500 адам эвакуацияланды ВАЛЕНСИЯ. ҚазАқпарат - Арагон және Валенсия испандық автономды қауымдастықтарындағы бірнеше қаладан 1500-ге жуық адам ірі орман өрті аясында үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы ҚазАқпарат DW-ге сілтеме жасап хабарлайды.
кеше 17:23 Әлемнің 200-ге жуық елі «Жер сағаты» акциясына қатысты АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемдегі көптеген елде «Жер сағаты» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
кеше 17:08 Иранда 4,2 және 4,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді ТЕГЕРАН. Анадолы-ҚазАқпарат – Жерасты дүмпулері Иранның Фарс және Илам провинцияларында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
кеше 13:06 Түрікменстанда Меджлис депутаттарын сайлау өтіп жатыр АШХАБАД. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Түрікменстанда Меджлис депутаттарын, сондай-ақ халк мәслихаты мен Генгеш мүшелерін сайлау бойынша дауыс беру басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат TDH-ға сілтеме жасап хабарлайды.
кеше 04:08 Тунис жағалауында босқындар мінген кеме суға батып кетті АСТАНА. ҚазАқпарат – Африка елдерінің отыз бес мигранты із-түзсіз жоғалып кетті. Олардың кемесі жұма күні Тунис жағалауында апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
25.03.2023 21:01 Макрон кәсіподақтарға келіссөз ұсынды, бірақ зейнетақы реформасы туралы емес АСТАНА. ҚазАқпарат – Франция президенті Эммануэль Макрон зейнетақы реформасына қарсы наразылық акциясы кезіндегі тәртіпсіздікті сынға алды. Ресми мәлімет бойынша, 400-ден астам полиция қызметкері зардап шекті, 500-ге жуық адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
25.03.2023 20:16 Жамбылдық қолөнершілердің бұйымдары АҚШ-тағы көрмелерге қойылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Айгүл Ақшалова бастаған Жамбыл облысының делегациясы АҚШ-қа барып, ондағы көрмелерде қолөнер бұйымдарын назарға ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
25.03.2023 11:41 АҚШ-та шоколад фабрикасында қуатты жарылыс болды АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Уэст-Рединг қаласында (Пенсильвания штаты) шоколад фабрикасында қуатты жарылыс болып, оның арты өртке ұласты. Салдарынан екі адам қаза тапты, тоғыз адам жоғалды. Бұл туралы The Associated Press агенттігі жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.03.2023 20:51 Ауғанстан – бұрынғы қауіптер мен жаңа сын-қатер тоғысында КАБУЛ. ҚазАқпарат – Осыдан бір жарым жыл бұрын 2021 жылы 15 тамызда «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған – шамамен. ред.) Ауғанстанның барлық дерлік аумағына өз билігін орнатып, бақылауға алған еді. Алайда осы уақытқа дейін ел басшылығын әлемдік қауымдастық ресми мойындамады.
24.03.2023 20:24 Братиславаның орталық алаңында тұңғыш рет киіз үй тігілді БРАТИСЛАВА. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшілігі Словакия астанасында қала билігінің қолдауымен Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамының құрметіне арналған мерекелік шаралар өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігі сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
24.03.2023 19:10 Toyota Жапонияда Camry маркалы көліктерді сатуды тоқтатады АСТАНА. ҚазАқпарат – Toyota Жапонияда Camry маркалы жеңіл көлікті сатылымын 43 жылдан кейін тоқтатпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Nikkei Asia ресурсына сілтеме жасап.
24.03.2023 16:10 Францияда 20 жылға сотталған қазақстандық кінәсіз деп танылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Францияда 20 жылға бас бостандығынан айырылған қазақстандық София Боднарчук кінәсіз деп танылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
24.03.2023 09:23 Францияда зейнетақы реформасына қарсы шеруге миллионнан астам адам қатысты ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Францияда үкіметтің зейнеткерлік жасын 62-ден 64-ке көтеру туралы шешімінен туындаған дағдарыс жалғасып жатыр. Бейсенбідегі зейнетақы реформасына қарсы наразылық акцияларына бүкіл ел бойынша миллионнан астам адам қатысты. Елдің ІІМ мәліметтері бойынша, Парижде жүз мыңнан астам демонстрант көшеге шығып, полициямен қақтығыстар басталды. Бордода Муниципалитет ғимаратының есігі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.