14:15 Әлеуметтік төлемдер халық үшін екінші орындағы табыс көзіне айналған АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемдер халық үшін екінші орындағы табыс көзіне айналған. Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиев Amanat партиясы фракциясының халық табысын арттыру бағдарламасы талқыланған жиында осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 18:41 Freedom Support: күштік құрылымда қызмет етіп, қаза тапқандардың балаларына ай сайын 200 мың теңге төленеді АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 маусым күні әлемнің 60-тан астам елі, оның ішінде Қазақстан да Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бейбіт уақытта бұл мереке сыйлықтармен, саябақтармен, концерт және басқа да ойын-сауықтармен еске түседі.
кеше 16:56 8 қалада аутизм диагнозы бар балаларға арналған күндізгі орталықтар ашылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің 8 қаласында аутизм спектрі бұзылған және басқа да писхикалық ауытқуы бар балаларға арналған күндізгі орталықтар ашылады. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
кеше 16:25 Биылдан бастап 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 шілдеден бастап 7 бала тәрбиелеп өсірген аналардың жәрдемақысы 25 530 теңге болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осныдай дерек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
кеше 16:21 1 шілдеден бастап ақыл-ойында кемістік бар балалар шипажайда сауықтырудан өте алады АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде 1 шілдеден бастап ақыл-ойында кемістік бар балаларға шипажайда сауықтыру қызметі ұсынылатынын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
кеше 15:41 1 шілдеден бастап екі бірдей әлеуметтік жәрдемақының көлемі 14,5 пайыз өседі АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар адамдар мен асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 14,5 пайыз өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айттты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.05.2023 12:11 Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарына қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 2003 жылдан бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 18,4 млрд теңге төленді.
30.05.2023 23:09 Асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақыны көтеру туралы Үкімет қаулысы шықты АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердің мөлшерлерін 2023 жылғы 1 шілдеден бастап арттыру туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.05.2023 22:00 Мәдениет саласының қызметкерлері қосымша төлем алады ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қазақстанда балет, би ансамбльдерінің, мемлекеттік цирк артистері мен үрмелі аспаптар оркестрлерінің музыканттары ай сайын әлеуметтік көмек алады. Бұл туралы Жамбыл облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
27.05.2023 22:08 Мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмысын жақсартуға арналған ұлттық жоспар бекітіледі АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспары» көпшілік талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.05.2023 13:25 Арыстық қос аяғынан айрылған азамат кәсіп бастады ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Арыстық қос аяғынан айрылған азамат кәсіп бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.05.2023 22:50 Атырауда мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға арналған 150 орындық орталық салынады АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Биыл Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, жаңа орталықтың аумағы 12 мың шаршы метрден асады.
25.05.2023 21:23 1 шілдеден кедейлік шегін жаңа тәртіппен есептеу бұйрығы күшіне енеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.05.2023 14:43 Алтай Көлгінов көпбалалы ана мәртебесін өмірлік етіп бекіту ұсынысына жауап берді АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының көпбалалы ана мәртебесін өмірлік етіп бекіту туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.05.2023 11:09 Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған адамдарды бөлек тізімге шағару қажет – депутат үй кезегі туралы АСТАНА. ҚазАқпарат – «Jibek Joly» телеарнасының Мәжілістегі студиясында қонақта болған депутат Гауһар Танашева әлеуметтік осал топтарға арналған ипотекалық бағдарламаларлы қайта қарау керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.05.2023 11:01 Елімізде мүгедектігі бар адамдар саны 700 мыңнан астамды құрайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар саны 700 мыңнан астамды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.05.2023 10:50 Сенат мүгедектігі бар адамдардың түрлі саладағы құқығын қорғайтын құжатты мақұлдады АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Заң мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 12:47 Мәжіліс депутаты: Бізге әлеуметтік тұрғын үйді көбірек салу керек АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева Jibek Joly арнасының Мәжіліс ғимаратынан жүргізген тікелей эфирі кезінде әлеуметтік тұрғын үйлерді көптеп салу керек деген пайым айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.05.2023 23:19 Биыл 494,3 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 94,2 мың отбасындағы 494,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23.05.2023 10:16 Биыл 494,3 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 мамырдағы жағдай бойынша 94,2 мың отбасындағы 494,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.