Әлихан Смайылов инвестициялық іс-шараларды сапалы әрі уақтылы орындауды тапсырды
2022 жылғы 23 маусым 10:24

Әлихан Смайылов инвестициялық іс-шараларды сапалы әрі уақтылы орындауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер Инвестициялық саясат тұжырымдамасындағы іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мына мәселелерге назарларыңызды аударғым келеді. Бірінші, орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер Инвестициялық саясат тұжырымдамасындағы іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Екінші, Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктері орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Тұжырымдаманың жаңа мақсатты индикаторларының декомпозициясын жасау керек. Оны Инвестициялық штаб отырысында кешіктірмей бекіту керек», - деді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов үшіншіден, Сыртқы істер министрлігіне ай сайын Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының төрағалығымен және тоқсан сайын өзінің төрағалығыммен Инвестициялық штаб отырыстарында инвестициялар тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен іске асырылып жатқан жобалар туралы салалық министрліктер мен әкімдіктерді тыңдау кестесін жасауды тапсырды.

«Әкімдер индикаторларға қол жеткізу барысын ерекше бақылауда ұстап, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелерге шұғыл әрекет етуі қажет», - деді Премьер-Министр.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT