Әлихан Смайылов тұрғын үй желілерін цифрландыру бойынша тапсырма берді

2022 жылғы 4 қазан, 13:11
Әлихан Смайылов  тұрғын үй желілерін цифрландыру бойынша тапсырма берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өңірлердегі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы желілерін түгендеу жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырсында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімдіктер желілерді инвентаризациялауға жергілікті бюджеттен қаражат бөлсін.

Қала құрылысы кадастры жүйесінде инвентаризациялау үлесін жыл соңына дейін 75%-ке, ал 2024-ші жылға қарай 100%-ке дейін жеткізу қажет», - деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ ол Мемлекеттік қала құрылысы кадастры келер жылдың аяғына дейін толық жұмыс іске қосылуы керектігін атап өтті.

«Индустрия министрлігі 2023 жылдың соңына дейін Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын толығымен енгізуді және автоматтандыруды қамтамасыз етсін.

Цифрлық даму министрлігі Индустрия және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, кадастрлық ақпарат жүйелердің интеграциясын қамтамасыз етсін», - деді Әлихан Смайылов.

Фото: primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar