Алматы әуежайында «бомба» қойылды деген ақпаратқа байланысты тексеру жүріп жатыр
2022 жылғы 20 сәуір 15:58

Алматы әуежайында «бомба» қойылды деген ақпаратқа байланысты тексеру жүріп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарт – Алматыда «бомба» қойылды деген «Forum» сауда ойын-сауық орталығын қаланың шұғыл жедел қызметтері тексеріп шықты. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Forum» сауда ойын-сауық орталығында тексеру жұмыстары аяқталды. Ол жерден жарылғыш зат табылған жоқ. Сауда үйі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр»,- деп хабарлады полициядан.

Ведомства мәліметінше, «бомба» Алматы халықаралық әуежайына да қойылды деген ақпарат бар.

«Қазір қаланың шұғыл жедел қызметтері Алматы халықаралық әуежайын тексеруге жұмылдырылды»,- деп хабарлады қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұған дейін мегаполистегі ірі сауда орталықтарының бірінен адамдардың эвакуацияланып жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Еске салайық, наурыз айының аяғында Алматыда бірнеше нысанға бомба қойылғаны туралы ақпарат тараған еді.

Кейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда орналасқан бірқатар ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деп жалған хабар таратқан адам ұсталды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT