Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды
2022 жылғы 10 маусым 15:55

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып Берік Бекмырзаұлы Солтанбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Берік Солтанбаев 1990 жылы 28 сәуірде Алматы облысында туған. 2012 жылы Қазақстанның «Парасат» көпсалалы институтын, 2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін, 2017 жылы Нархоз университетін бітірді.

Еңбек жолын 2013 жылы «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалында кеңесші лауазымынан бастады.

2014-2017 жылдары «Қоғамдық келісім» КММ, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінде маман болды.

2017-2018 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2018 жылғы қазаннан бастап, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялар тарту және өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысы мәселесіне жетекшілік етті.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT