Алматы қаласының жаңа бас жоспары жыл соңына дейін дайын болады
2022 жылғы 17 маусым 11:25

Алматы қаласының жаңа бас жоспары жыл соңына дейін дайын болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының бас жоспары қайта жасалады. Жаңа құжатты жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Бұл туралы Ерболат Досаев XVIІ қала құрылысы форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бірнеше жыл бойы Алматы әкімдігі бас жоспарға түзету енгізу үшін жұмыс істеді.

«Үлкен жұмыс атқарылды. Бірақ, өкінішке қарай, бас жоспарды түзету 2002 жылы бекітілген бас жоспарға негізделген. Одан бері жиырма жыл өтті. Қазір қала да, экономика да өзгерді. Алматы облысы да өзгерді. Бас жоспарды түзетуге атсалысқандардың бәріне алғыс айтқым келеді, оған 3-4 жыл уақыт кетті, бірақ біз жыл соңына дейін Алматы қаласын дамытудың жаңа бас жоспарын ұсынамыз», – деді әкім.

Әкімнің сөзінше, бүгінде қала мен қала маңындағы аумақтарды бірдей дамыту маңызды.

Жаңа бас жоспарда агломерацияның урбандалу процесін жеделдету тетіктері де қарастырылады.

«Болжамдық есеп бойынша, 2030 жылға қарай Алматы агломерациясының халқы шамамен 4,5 млн адамға жетеді. Осы тенденциялар мен жедел даму және урбанизация процестерінің болжамын ескере отырып, Алматы әкімдігі 2040 жылға дейінгі болжамды мерзімі бар жаңа бас жоспарды әзірлеуге кірісті», - деді Ерболат Досаев.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT