Алматы-Қапшағай электр пойызы жолаушылардың аздығына байланысты тоқтатылды
2022 жылғы 29 маусым 16:22

Алматы-Қапшағай электр пойызы жолаушылардың аздығына байланысты тоқтатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2017-2021 жылдар аралығында Алматы-Қапшағай және Алматы-Қазыбек бек (Ұзынағаш стансасы) бағыты бойынша қала маңындағы теміржол қатынасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы-Қапшағай бағыты бойынша жолаушы ағынының аздығына байланысты теміржол қатынасы тоқтатылды. Билет құны 3122 теңге болатын», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2017 жылы Алматы әкімдігі қалаға жақын маңдағы елді мекендерге темір жол қатынасын ашқан болатын.

Қапшағай -Алматы темір жолы 71 шақырымға созылып жатыр. Жол арасы 1,5 сағат.


Ұқсас жаңалықтар
Ұлытау облысына қыркүйек айынан «Тальго» пойызы қатынайды
2022 жылғы 9 тамыз 23:55

Ұлытау облысына қыркүйек айынан «Тальго» пойызы қатынайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Ұлытау облысына «Тальго» пойыздары жүре бастайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлытау облысына көлік қатынасын дамыту мақсатында биыл қыркүйектен бастап Жезқазған қаласына «Тальго» пойыздары қатынайды. Ол үшін күн ара № 65/66 «Нұр-Сұлтан – Жезқазған» және № 73/74 «Алматы-2 Жезқазған» бағытындағы пойыздар жолға шығады», - деді ведомстводан.

Сонымен қатар министрлік жыл басынан бері жолаушылар пойызына жүргізілген тексерістер нәтижесін жариялады. 300 пойыз тексеруден өтіп, оларда 700-ге жуық олқылық табылған. Анықталған фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Бұдан бөлек, мәлім етілгендей, қазір пойыз билеттерінің алып-сатарлығымен айналысатын тұлғаларды анықтау шаралары жүріп жатыр. Осыған орай ҚР ИИДМ Көлік комитетінің тапсырмасы бойынша жол жүру құжаттарын сатып алу және қайта сату фактілерінің жолын кесу мақсатында аумақтық бөлімшелер Көлік полициясының және Мемлекеттік кірістер департаменттерінің өкілдерімен бірлесіп теміржол вокзалдарында жұмыс жүргізуде.

Айта кетсек, бүгін аталған ведомствоға қарасты Азаматтық авиация комитеті жөндеуге жабылған Үшарал әуежайы пайдалануға берілгенін мәлім еткен болатын.


ШҚО-да мас күйде көлік жүргізген 68 адам анықталды
2022 жылғы 9 тамыз 14:58

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізген 68 адам анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір айда мас күйде көлік жүргізген 68 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында жол-көлік оқиғаларын азайту және жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында арнайы айлық өткізіп жатыр.

20 күн ішінде полицейлер 10 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісін анықтады. Оның 100-ден астамын қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған.

«Сонымен қатар мас күйде көлік тізгіндеген 68 жүргізуші ұсталды. Қарсы жолаққа шыққаны үшін – 47, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 1212, бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін – 124, апаттық жағдай туғызғаны үшін - 912 және теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзғаны үшін – 18 жүргізуші жауапқа тартылды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, қауіпсіздік белдігін тақпаған 1279, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған 1024 адам тіркелді. Жаяу жүргіншіге жол бермеген 746 жүргізушіге айыппұл салынған.


Нұр-Сұлтанда бір айда 11 мыңнан астам жол ережесін бұзғандар анықталды
2022 жылғы 9 тамыз 13:55

Нұр-Сұлтанда бір айда 11 мыңнан астам жол ережесін бұзғандар анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 шілдеден бастап елордада «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы елордалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев айтып берді.

«Қабылданған шараларға қарамастан, қала жолдарында жол-көлік оқиғаларынан зардап шегетіндер көп. Әрбір бесінші жаяу жүргіншінің кінәсінен жол апаты болады. Жол-көлік оқиғалары 9,7% және зардап шеккендер 15,4%-ға артқан, ал жолдағы өлім 33,3%-ға төмендеген. Осыған байланысты 19 шілдеден бастап қала аумағында бір ай бойы «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өтеді. Онда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарға, апатқа әкеп соғатын мас жүргізушілерді анықтауға және жолын кесуге, жаяу жүргіншілермен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады», - деді Б.Малыбаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жедел алдын алу іс-шарасында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 11,5 мың жағдайы анықталды. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін – 80 адам, апатты жағдай тудырғаны үшін – 224, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін – 61 және бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткені үшін – 315 адам ұсталды.

«Ішкі істер министрлігі әзірлеген «Қорғау» жүйесі арқылы әкімшілік айыппұлдарын төлемеген қасақана ереже бұзушылармен белсенді күрес жүріп жатыр, сондай-ақ жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автокөлікті пайдалану фактілері анықталуда. Осы жүйе енгізілгелі 4 мыңнан астам жүргізушіге 282 миллион теңге болатын әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хабарлама жіберілді. Жалған мемлекеттік нөмірі бар автокөлікті басқарғаны үшін 83 жүргізуші ұсталды, 368 жүргізушінің көлік айдау құқығы жоқ және 159 жүргізуші көлік айдау құқығынан айырылған, сондай-ақ сақтандыру полисінсіз жүрген 713 жүргізуші анықталды. Коммуналдық тұраққа 584 автокөлік жіберілді», - деді Б. Малыбаев.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT