Алматы мектептері келесі жылы автобустармен қамтамасыз етіледі
2022 жылғы 17 маусым 22:04

Алматы мектептері келесі жылы автобустармен қамтамасыз етіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ерболат Досаев келесі жылы «Мектеп автобустары» бағдарламасы жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медеу ауданы тұрғынының сауалына жауап берген әкім қаладағы мектептер орналасқан барлық көшелерде көлік кептелісі бар екенін айтты.

«Келесі жылы біз Алматыға, барлық мектептерге мектеп автобусы бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жекеменшік мектептер бізге қосылса, мен де қуана қабылдаймын. Бұл қалада айтарлықтай көлік кептелісін азайтады деп ойлаймын», – дейді Ерболат Досаев.

Мегаполис басшысы қыркүйектің 1-і мен мамырдың 25-і аралығында қаладағы барлық көшеде көлік көп болатынын тілге тиек етті.

«Мұндай тәжірбие бар. Мүмкін біз кезең кезеңімен бастаймыз. Бағдарламаны келесі жылы жүзеге асырамыз», - деп толықтырды әкім.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT