Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
2022 жылғы 2 шілде 09:21

Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 шілде күні Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сенбіде атмосфералық ауа сапасы тек Алматы мен Ақтөбе қалаларында нашарлайды.
Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT