Алматы полициясы Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты іс қозғалғанын растады
2022 жылғы 8 маусым 17:18

Алматы полициясы Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты іс қозғалғанын растады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты қозғалған қылмыстық іске түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының полиция департаменті Қ. есімді азаматтан Ғабидолла Әбдірахымовтың үстінен арыз түскенін растады.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы қылмыстық іздестіру департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл іс туралы ақпарат журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында жарияланған болатын.

«Кәрім Мәсімов пен Ғабидолла Әбдірахымовке қатысты «рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген хабарламада.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT