Алматыда кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды
2022 жылғы 19 мамыр 14:31

Алматыда кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 41 жастағы ер адам кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бейтаныс ер адам кәсіпкерді қорқытып, одан 260 мың доллар алмақ болған.

«Аталған дерек жедел және арнайы іс-шаралар барысында расталды. 1981 жылы туған Н. есімді азамат физикалық күш көрсетемін деп қорқытып, кәсіпкерден ірі көлемде ақша талап еткен. Полицияның арнайы жасақтарының қатысуымен өткізілген арнайы шара нәтижесінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Рұқсат етілген тінту кезінде қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс материалдарына тіркелді», - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Полиция өкілінің айтуынша, күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта қамауға алынды.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT