Алматыда қоғамдық көліктің жүретін уақыты ұзарды
2022 жылғы 17 қаңтар 12:33

Алматыда қоғамдық көліктің жүретін уақыты ұзарды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында қоғамдық көліктің жұмыс істеу уақыты ұзартылды. Бұл туралы «Алматы көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласында 17 қаңтардан бастап қоғамдық көліктің жұмыс істеу уақыты бір сағатқа ұзартылды. Яғни, көліктер енді таңғы 8:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жүреді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 12 қаңтардан бастап қаланың барлық қоғамдық көліктері, оның ішінде қала маңы маршруттары да жұмысын бастаған болатын.

Сондай-ақ, Алматыда қала маңына баратын қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты созылған.


Jańalyqtar

MURAǴAT