Алматыда жасы 60-тан асқан 125 мың адам КВИ-ге қарсы вакцина алды
2022 жылғы 24 наурыз 13:28

Алматыда жасы 60-тан асқан 125 мың адам КВИ-ге қарсы вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулік ішінде 665 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның ішінде 1-компонентін 200 адам, 2-компонентін 465 адам салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 23 наурыз аралығында қалада 1 154 024 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 120 705 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде жасы 60-тан асқан адамдардың саны 125 060», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 60 667 адам салдырды. Оның ішінде 3 432 жүкті әйел, 13 368 бала емізетін ана және 43 712 жасөспірім бар.

294 832 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 136 вакцинация пункті жұмыс істейді. 175 вакцинация бригадасында 555 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT