Алматының №2 учаскесіндегі дауыс нәтижелері референдумның түпкілікті қорытындысына енгізілмеді
2022 жылғы 7 маусым 13:00

Алматының №2 учаскесіндегі дауыс нәтижелері референдумның түпкілікті қорытындысына енгізілмеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласының №2 учаскесіндегі дауыс беру нәтижелері референдумның түпкілікті қорытындыларына енгізілген жоқ. Бұл туралы ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қорытындыларды шығару кезінде Орталық комиссия Алматы қаласы аумақтық комиссиясының өтінішін назарға алды. Аумақтық комиссия ұсынған материалдың негізінде «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 21, 31-баптарына сәйкес, Орталық комиссия әкімшілік-аумақтық бірліктердің жекелеген учаскелерінде референдумның өткізілуін жарамсыз деп тани алады. Осыған байланысты Алматы қаласының №2 учаскесіндегі дауыс беру нәтижелері референдумның түпкілікті қорытындыларына енгізілген жоқ», - деді Нұрлан Әбдіров.

Комиссия төрағасының дерегінше, жауаптардың екі нұсқасы да таңдап алынған, яғни, жарамды деп танылған, алайда дауыстарды санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,58 пайызды немесе 125 859 бюллетеньді құрады.

«Қалған бюллетеньдер, ал бұл белгіленбеген үлгідегі не дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады. Мұндай бюллетеньдер саны 2,58 пайызды немесе 205 924 бюллетень болды», - деді ол.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT