Алматының білім беру ұйымдарына 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды
2022 жылғы 13 сәуір 18:40

Алматының білім беру ұйымдарына 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биылғы жылдың бірінші тоқсанында 25 білім беру ұйымы карантиндік талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлағандай, білім беру ұйымдарынан 12 бетперде режимін сақтамау, 12 үй-жайды сапасыз ылғалды тазалау және дезинфекциялау, 5 карантиндік шараларды бұзу деректері анықталды.

Аталған фактілер бойынша жауапты тұлғаларға 2 281 935 теңгеге айыппұл салынып, 23 ұйғарым шығарылды.

«Бұл шаралар ҚР Бас санитариялық дәрігерінің 2022 жылдың 14 наурыздағы №13, 25 наурыздағы №18 «Білім беру ұйымдарында шектеу іс шараларын алып тастау туралы» қаулылары күшіне енбей тұрып қабылданған болатын», - деп хабарлады Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Сонымен қатар, карантиндік шараларды сақтау бойынша мониторинг тобының жұмысы жалғасатыны аталып өтті.

Еске сала кетейік, эпидемиологтер коронавирус штамдары әлі де қауіпті екенін ескерткен еді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT