АрселорМиттал Теміртау қаза тапқан қызметкерлердің отбасына қандай көмек көрсетеді
2022 жылғы 16 маусым 13:03

АрселорМиттал Теміртау қаза тапқан қызметкерлердің отбасына қандай көмек көрсетеді

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Он жылдық еңбекақы, балаларды жоғары оқу орындарында оқыту және үй әперу. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қаза тапқан қызметкерлердің отбасына осындай материалдық көрсетуге деп уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы қаза тапқан төрт қызметкердің отбасына қандай қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

«Біз болған оқиғаны анықтауға ниеттіміз және жазатайым оқиғаның себептерін және оның алдын-алу жолдарын анықтау үшін уәкілетті органдармен тығыз жұмыс жасаймыз. Біз осы қайғылы жағдайдың салдарынан қайтыс болған отбасылардың қайғысына ортақпыз. Біздің басты міндетіміз – оларға жан-жақты қолдау көрсету» делінген компанияның ресми сайтындағы хабарламада.

Компания мынадай қолдау шараларын көрсететінін мәлім етті:

- Жерлеу шығындын жабу

- Әрбір зардап шеккен отбасына қаза тапқан қызметкерлердің он жылдық жалақысы мөлшерінде біржолғы төлем.

- Әр балаға 18 жасқа дейін ай сайынғы сақтандыру төлемі (егер бала студент болса, 23 жасқа дейін).

- Балалардың 23 жасқа дейін күндізгі оқу нысанында алғашқы білім алуына кететін шығындарын өтеу.

- Баспанасы жоқтарға тұрғын үй сатып алу немесе ол үшін біржолғы өтемақы төлеу.

- Қолда бар тұрғын үйді жөндеуге ақы төлеу. Ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін жабу.

- Әйелдері мен балаларын компания кәсіпорындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

- Әйелдері мен балаларына шипажай, балалар лагерлеріне жылсайынғы жолдама.

Компания қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасы алдындағы бүкіл әлеуметтік міндеттемелерін мүлтіксіз орындайтынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусымда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еншілес кәсіпорнында шатыр опырылып құлаған болатын.

Оқиға салдарынан төрт жұмысшы қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT