«АрселорМиттал Теміртау» қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көмек көрсетеді
2022 жылғы 10 маусым 22:02

«АрселорМиттал Теміртау» қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көмек көрсетеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығы қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін, 10 маусым «Құрылысмет» ЖШС мастерпресс цехында жазатайым оқиға болып, салдарынан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ төрт қызметкері қаза тапты. Бесінші қызметкер Теміртау қаласының орталық қалалық ауруханасына жатқызылды, жағдайы бірқалыпты. Арнайы комиссия құрылды, іс тергеліп жатыр. Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес марқұмдардың отбасыларына бүкіл қажетті көмек көрсетіледі» делінген компанияның ресми сайтында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Құрылысмет»« ЖШС аумағында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлері қайғылы жағдайға ұшыраған болатын.

Отқа төзімді құрылысты бөлшектеу кезінде цехтың жұмыс істемейтін №9 термиялық пешінің төбесі құлады. Үйінді астында бес адам қалып қойды.

Оның төртеуі қайтыс болды, 1994 жылы туған тағы бір жұмыскер ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT