Артспорт бағдарламасы жабылады деуге еш негіз жоқ – Дәурен Абаев
2022 жылғы 22 маусым 14:34

Артспорт бағдарламасы жабылады деуге еш негіз жоқ – Дәурен Абаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Артспорт бағдарламасы жабылады деуге ешқандай негіз жоқ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз ешқашан жауапкершіліктен қашпаймыз. Бағдарлама жабылады деуге де еш негіз жоқ. Осы уақытқа дейін мақұлданған ваучерлер төленетінін атап өткім келеді. Әр аймақ оған қажетті қаржыны қарастырып жатыр. Мысалы, Алматы қаласының әкімдігі осы мақсатқа 4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді», - деді Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Дегенмен министр қоғамның жүйе жұмысындағы олқылықтарға наразылығы негізсіз деп айта алмайтынын баса айтты.

«Біз мәліметтерді тексеру, кезекті автоматтандыру, қаржыны бөлу мен қызмет ұсынушылардың есебін қадағалауға байланысты бірқатар кемшіліктің кеткенін мойындауымыз керек. Осы мәселелерді шешу үшін басқа да мүдделі мемлекеттік органдар ережеге бірнеше өзгеріс енгізіп отыр. Бұл процесс екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең биыл мамырда жүзеге асырылды. Жаңа нормаларға сәйкес, оқытушылар мен жаттықтырушылардың санатына қойылатын талап күшейтілді, әкімшіліктердің өтініштерді қарау мерзімі ұзартылды, сапаны бақылауға және қаржының мақсатты игерілуіне электронды және жалпыға қолжетімді форматта мониторинг жүргізу жүйесі енгізілді. Енді біз екінші кезеңде жүйеге тағы бірнеше өзгеріс енгіземіз», - деді ол.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT