Асқар Омаров Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептерін атады
2022 жылғы 28 маусым 10:16

Асқар Омаров Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептерін атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдардың жұмысын БАҚ-та кеңінен түсіндіруге арналған тақырыптар бойынша ақпараттар аз беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша ҚР Үкіметінің қызметіне жұртшылықтың жоғары қызығушылығы байқалады. Алайда жекелеген өзекті тақырыптар бойынша тіркелетін азаматтардың кері байланысы көбінесе теріс сипатқа ие болады», - деді министр.

Осы ретте министр жұртшылық пен БАҚ өкілдері тарапынан сынның болу себептерін атады.

«Біріншіден, мемлекеттік органдардың жұмысын БАҚ-та кеңінен түсіндіруге арналған тақырыптар бойынша ақпараттың аз берілуі. Екінші, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ БАҚ-тың ресми сауалдары мен сұраныстарына берілетін жауаптарда толық ақпараттың болмауы. Үшіншіден, БАҚ-та туындаған мәселелерді түсіндіру бойынша біліктілігі төмен спикерлерді ұсыну. Ақпараттық-түсіндіру жұмысының маңыздылығын ескере отырып, аталған факторларды мемлекеттік органдардың жұмысында ескеру қажет», - деді Асқар Омаров.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT