Әскери теңізшілер Каспий теңізі акваториясында іздестіру-құтқару жұмыстарын пысықтады
2022 жылғы 12 маусым 04:00

Әскери теңізшілер Каспий теңізі акваториясында іздестіру-құтқару жұмыстарын пысықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Каспий теңізінің қазақстандық секторында іздестіру-құтқару іс-қимылдары бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша теңіздегі кеменің дизель-генератор бөлігінен өрт шықты. Жалынның кесірінен кеме тоқтан толықтай ажыратылып, негізгі қозғалтқыштар істен шығып қалды. Азаматтық кеменің өрт сөндіру тобы да тілсіз жауды ауыздықтай алмайды.

Кеменің орналасқан жері, онымен байланыстың болмауын іздестіру үшін Әскери-теңіз күштері мен Әуе қорғанысы күштері авиациясының, Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің департаментінің, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің корабльдері мен катерлерінің бірлескен іс-қимылдары ұйымдастырылды.

Бірлескен іс-қимылдардың нәтижесінде апатқа ұшыраған кеменің бағыты белгіленіп, өрт дерт кезінде ауыздықталды. Ал кеме жақын маңдағы портқа сүйретіп жеткізілді.


– Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру жөніндегі оқу-жаттығулардың негізгі мақсатына қол жеткізілді. Мұндай оқу-жаттығуларды өткізу практикасы жалғаса береді, – деп атап өтті Әскери-теңіз базасы командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT