Астанада бір жылда жаңа баспана бағасы 27% қымбаттаған
2022 жылғы 8 маусым 18:48

Астанада бір жылда жаңа баспана бағасы 27% қымбаттаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық статистика бюросы 2022 жылғы мамырда тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 27,9%, жаңа тұрғын үйді сату 19,3% өсті.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда биылғы мамырда 22,8% артты.

Ұлттық статистика бюросының баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, өңірлік бөліністе жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі жылдық мәнде айтарлықтай Нұр-Сұлтан қаласында қымбаттады – 27,2%.

«Тұрғын үйдің қайта сату нарығындағы жоғары өсім Талдықорғанда (48,6%), тұрғын үйді жалға беру нарығындағы көшті Алматы қаласы бастап тұр (49,9%)», – деп атап өтті Қ. Жақыпбекұлы.

Соңғы бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 1,7%, пәтерлерді қайта сату 1% өсті.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда мамырда 1,3% жоғарылады.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT