Астанадағы әуежайға жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таралған
2022 жылғы 19 сәуір 16:50

Астанадағы әуежайға жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таралған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада әуежайға жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Терроризмге қарсы орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 сәуір күні кешке Н.Назарбаев халықаралық әуежайының электронды поштасына «әуе айлағына мина қойылғаны « туралы анонимді екі хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына дереу жедел әрекет ету қызметі келіп, нысанды тексергенімен жарылғыш құрылғылар мен заттар табылмады.

Тәртіп сақшылары жалған хабарламаны таратқан адамды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273 бабы «Терроризм туралы көрінеу жалған ақпарат тарату» негізінде (5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе осы мөлшердегі сомаға түзету жұмыстарына жегу, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу мен осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған) жауапкершілік қарастырылған.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT