Атырау облысына жыл басынан бері шетелден 36 қандас көшіп келді
2022 жылғы 13 сәуір 14:53

Атырау облысына жыл басынан бері шетелден 36 қандас көшіп келді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына жыл басынан бері шетелден 36 қандас көшіп келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тарихи Отанына қоныс аударған бірқатар этникалық қазақтар қандас мәртебесін алған.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға келген қандастардың арасында Өзбекстан Республикасынан - 27, Түркіменстан Республикасынан - 2, Қытай Халық Республикасынан біреу және Ресей Федерациясынан - 2 отбасы бар.

Олар Атырау қаласы мен Жылыой ауданына қоныстанды.

«Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен қабылдау үшін 6 адамға бұрын берілген оралман мәртебесін 6 айдан аспайтын мерзімге бір мәрте ұзарту жөнінде шешім қабылданды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға 20 жыл бұрын көшіп келген қандас азаматтық алғанын жазған едік.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT