Атырауда әскерилер мен еріктілер Мемлекеттік туды ұстап, шеру құрды
2022 жылғы 4 маусым 16:28

Атырауда әскерилер мен еріктілер Мемлекеттік туды ұстап, шеру құрды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мемлекеттік рәміздер күніне орай тутұғыр алаңында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Әскерилер мен волонтерлер көк Туды ұстап, Бейбарыс алаңынан Мемлекеттік рәміздер алаңына дейін шеру құрды. Әскери қарауыл Мемлекеттік туды тутұғырға көтеріп, Әнұран орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік рәміздер – сонау ықылым замандардан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі, егемендігімізді айқындайтын, ел ертеңіне деген берік сенімді ұялататын қасиетті нышанның бірі. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін паш ететін, ортақ мақсатқа топтастырып, біріктіруші күшке ие мемлекеттік рəміздерді көзіміздің қарашығындай сақтап, қастерлей білейік! Көк туымыз биікте желбіреп, Əнұранымыз асқақтай берсін!» - деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған іс-шараға Қарулы күштер мен Ұлттық ұлан әскерилері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және мектеп оқушылары қатысты. Жергілікті өнерпаздар патриоттық әндерді шырқады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда биіктігі 91 метрлік тутұғыр орнатылғанын хабарлаған едік.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT