Атырауда масаның үш түрі қаптап ұшып жүр
2022 жылғы 13 маусым 13:25

Атырауда масаның үш түрі қаптап ұшып жүр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда масаның үш түрі күш алып тұр. Бұған көктемде жаңбырдың көп жауғаны себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

AG Disinfection Services ЖШС директорының орынбасары Нұрлыбек Ахмедияровтың мәліметінше, биыл тендердің кеш өтуіне байланысты көшелерде, саябақтарда дезинсекция жұмысы мамыр айында басталған.

«Бірақ, сәуір айында Атырау қаласында 1 100-ден астам көпқабатты үйдің жертөлесі мен кіреберісінде масаға қарсы улау жұмысы қолға алынды. Дезинфекторлар күніне 8 сағаттан артық жұмыс істейді. Қазір препараттар жеткілікті, дезинсекциялауды 10 бригада құрамындағы 20 қызметкер атқарады», - дейді Нұрлыбек Ахмедияров.

Эпидемиолог Гүлмира Ходжибекованың айтуынша, химиялық препарат адамдарға да, өсімдіктерге де зиянды емес. Жануарлар да одан зардап шекпейді. Бұл тек қан сорғыштарды жоюға арналған. Бүрку кезінде қолданылатын барлық препарат мемлекеттік сараптамадан және сынақтан өткен.

«Қазір Атырауда масаның үш түрі бар. Біріншісі – Каспий теңізінің жағасында ұшатын Caspius aedes түріне жататын ірі маса. Екіншісі – Culex pipiens, үшіншісі – Ріріепѕ pipiens масасы. Бұл күнделікті кездесетін үй масалары тобына жатады. Бұл қансорғыштар химикаттарға тез бейімделеді. Сондықтан, дәрі-дәрмектерді жиі өзгертіп, улау жұмысын ұдайы жүргізіп келеміз. Ал, тұрғындарды өздері тұратын мекен-жайда масаға қарсы улау жұмысы басталғаны туралы ескертуге тырысамыз», - дейді Гүлмира Ходжибекова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда масаны улауға 130 млн теңгеге жуық қаржы бөлінгенін хабарлаған едік.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT