Ауа райы оңтүстікте астықтың бітік шығуына  қолайлы болады - Қазгидромет
2022 жылғы 20 маусым 11:19

Ауа райы оңтүстікте астықтың бітік шығуына қолайлы болады - Қазгидромет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы метеорологиялық жағдайлар, биыл астықтың бітік шығуына қолайлы болды. Бұл туралы Қазгидрометтің болжамында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік бидайдың өнімділігі негізінен орташа көп жылдық мәндерге жуық болады деп болжанады. Жамбыл облысының Рысқұлов, Шу және Сарысу аудандарында, сондай-ақ Түркістан облысының Сарыағаш ауданында күздік бидайдың өнімділігі орташа көпжылдық мәннен жоғары болмақ»,- делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT